Талдықорғанда жасөспірім қыздар демалуға арналған нысанды қиратқан
Талдықорғанда жасөспірім қыздар демалуға арналған нысанды қиратқан
Фото: sputnik.kz
273
оқылды
Талдықорғанда үш оқушы қыз көңіл көтеру үшін балалар алаңындағы демалуға арналған нысанды құлатып тастаған. Оқушылардың бұзақы әрекеті түскен видео әлеуметтік желіде тарады. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Талдықорған полициясы жедел-іздестіру кезінде 14, 15 және 17 жастағы қаланың қыздарын анықтаған. Істің мән-жайын анықтау үшін олар тәртіп сақшылардың бөлімшесіне жеткізілген.
«17 жастағы тұрғынның үстінен ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік шара қолданылды. Барлық қыздар мектептегі полицияның тізіміне алынды»,- деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен.