Депутаттар тұрғындар шағымын тыңдады

Депутаттар тұрғындар шағымын тыңдады

Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген Парламент Мәжілісінің де­путаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Мәлік Құлшар мен Снежанна Има­шева өңір тұрғындарын қабылдады.

Әуелі қабылдауға жалғызбасты ана келді. Тұрғынның айтуы бойын­­ша, денсаулығына байла­ныс­ты тұрақты жұмысы бол­ма­ған­дықтан 4 баласын асырау қиын­ға соғып отыр. Сонымен қатар ден­сау­лығына алаңдаған ана меди­ци­налық тексерістен өткізіп немесе дәрі-дәрмектермен көмек көр­се­тіл­се екен деген тілегін айтты. Ма­­­­териалдық көмек сұраған ана­ның барлық байланыс деректерін жа­зып алған депутаттар мәселе бойын­ша жауапты органдарға сауал жолданатынын мәлімдеді. Ке­лесі болып көршілес жатқан Ре­сей мемлекетінен өзінің туыс­қа­нын шекарадан эпиде­мио­ло­гиялық ахуалға байланысты әкеле алмай жүрген тұрғын келді. Ай­туын­ша, қазір туысқаны ауыр хал­де жатыр екен. Жанында қол­дау білдірер ешкім болмай тұрғаны аза­матты қатты алаңдатқан. Сне­жанна Валерьевна тұрғынның бұл мәселесін Үкіметке жолдайтынын жет­кізді. Сондай-ақ қабылдауға Ауған со­ғысының ардагері мәртебесін ала алмай жүрген азамат бас сұқ­ты. Оның айтуы бойынша, осы мә­селемен жергілікті әкімдіктерге, жауапты мемлекеттік органдарға бір­неше рет барған. Бірақ ешқан­дай көмек болмай, үмітін үзіпті. Снежанна Валерьевна азаматтың бар­лық құжаттарының көшірмесін алып, жеке тұрғынның атынан ары­­зын қабылдап алды. Осы атал­ған мәселеге байланысты қыр­күйек айында жиын өтетінін айт­­ты. Тұрғындарға консуль­та­тив­тік және заңнамалық тұрғыдан кеңес берілді. Бұдан бөлек, «Nur Otan» пар­тиясының Батыс Қазақстан об­лыс­тық филиалының кіші мәжіліс за­лында Парламент Мәжілісінің депутаттары Мәлік Құлшар мен Сне­жанна Имашеваның қаты­суы­мен өңірдегі барлық деңгейдегі фрак­ция мүшелерімен кездесу өтті. Кездесу барысында партия­ның алдағы 5 жылға арналған сай­лауалды бағдарламасын орын­дау жөніндегі Жол картасының жү­зеге асырылуы талқыланды. Аталған мәселеге алаңдаған аза­маттар бұл мәселені көршілес жат­қан Ресей мемлекетімен бір­ле­сіп, мемлекеттік бағдарламалар ар­қылы меморандум құрғанды жөн санайды. Отырыс қорытын­ды­сы бойынша барлық аталған мә­селелерді шешу үшін ұсыныс-пі­кірлердің жинақталып, депу­тат­тар өз тарапынан Үкіметке сауал жол­дайтынын тілге тиек етті. Мә­жіліс депутаттары Жол карта­сын­дағы белгіленген барлық ша­ра­лардың атқарылуы өңіріміздің да­муы мен халқымыздың әл-ау­қа­тының жақсаруына бір септі­гін тигізеді деген сенімін білдірді.

М.ХАҚНАЗАР