«Жастар үйі» тұрғындары газ баллон тұтынады
«Жастар үйі» тұрғындары газ баллон тұтынады
178
оқылды

Қы­зылордада тағдырдың жазуымен ата-анасынан айы­рыл­­ған­дар мен мүмкіндігі шек­теулі жандар уақытша қоныс­та­натын әлеу­меттік нысан бар. «Жастар үйі» деп аталатын бұл 5 қа­батты үй 2012 жылы пайда­лануға берілген. Мұнда кә­мелет жасқа толып, жетім­дер үйінен шыққан 12-23 жас­тағы жет­кіншектер үл­кен өмірге бе­йімделеді. Ондағы тұрғындар аталған үйдің пай­далануға беріл­геніне 10 жылға жуықтаса да, «әлі күн­ге дейін шешіл­меген мәсе­лелері бар» дейді.

Мәселен, облыс орталы­ғын­дағы барлық әлеуметтік нысандар табиғи газға қосылғанымен, атал­ған ғимарат тұрғындары газ бал­лон тұтынады. Бұл жағдайдың қа­уіпті екенін айтқан жастар жер­гілікті билік мәселемізді ше­шуге асықпайды деп ашынады. Ғимаратқа газ құбырлары тар­тылғанмен, қала әкімдігі көгілдір отынға қосуға рұқсат бермей отырған көрінеді. – Кеше өрт болды, жарылыс болды. Соның өзінде әкімдік ке­ліп жауапты мекеме ретінде «Қан­дай жағдай болды?» деп сұраған да жоқ. Газдың трубалары ғима­ратқа кіріп тұр. Неге оны қосуға болмайтынын түсіндірмейді, – дейді тұрғын Арайлым Сейітмұрат. Тұрғындарды толғандыратын тағы бір мәселе тұрақты тіркеуге тұра алмауында. Әлеуметтік ны­санның құжаты дұрыс болма­ған­дықтан, түрлі кедергіге тап болып жүрміз дегенді айтады. – Біз бұл үйге тіркеуге тұра алмай жүрміз. Балаларымның барлығын осы мекенжайға тір­кейін десем, мына үйдің техни­калық паспорты керек дейді. Бес баламды тастап, әр құжаттың со­ңында қалай жүремін? Үйдің сыйқы мынау, – деді көпбалалы ана Любовь Белошева. Ал «Жастар үйінің» директоры нысан қаланың балансында, сон­дықтан тұрғындардың тіркеуге тұ­руына еш кедергі жоқ дегенді ай­­тады. Көгілдір отын мәселесі болса жуырда шешіледі деп сен­дірді. – 65 пәтерде қазір газ жоқ. Себебі бәрі ескірген, трубала­ры. Соны қазір тұрғын үй ме­кемесі жоба сметасын дайын­дап, жақын арада әр пәтерді жеке-жеке тек­серіп, әрқай­сы­сына газ тарты­ла­ды, – дейді «Жас­тар үйінің» директоры Ма­рат Жүсіпәлиев. Сондай-ақ аталған көпқа­бат­ты тұрғын үйдің кіреберісінде ашық жатқан тоқ көздері көп. Ата-аналар балалар тоққа түсе ме деп алаңдап отырады. Қорда­лан­ған мәселелерге қатысты құзырлы органдар дер кезінде шара қол­данбаса, соңы ауыр зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін.

Ерқанат СӘРСЕНБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы