Олимпиадада жеңімпаз болған оқушыларға қаржылай сыйлық беріледі – Тоқаев  
Олимпиадада жеңімпаз болған оқушыларға қаржылай сыйлық беріледі – Тоқаев  
Фото: turkistanzaman.kz
334
оқылды

Жолдауда елдегі білім беру мәселесіне айрықша тоқталды. Жаңа мектептер пайдалануға берілгенін де айтты.

Оның ішінде, білім беру мекемелерінің базасын жаңарту, заман талабына сай білім беруді қамтамасыз етуге арнайы тапсырма берді. Пандемия кезінде қашықтан оқу кезеңінде білім саласындағы олқылықтарды атап өтті. Білім саласында жетістікке жеткен оқушыларға ақшалай сыйлық берілетін болды. Атап айтқанда, халықаралық олимпиадада жеңімпаз болған оқушыларға қаржылай сыйлық беріледі.