Тоқаев 2022 жылдан бастап бірқатар сала қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды
Тоқаев 2022 жылдан бастап бірқатар сала қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды
© akorda.kz
186
оқылды
Мемлекет басшысы 2022 жылдан 2025 жылға дейін бірқатар сала қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды.
"Президент 2022 жылдан 2025 жылға дейін мәдениет қызметкерлерінің, мұрағатшылардың, кітапханашылардың, техникалық қызметкерлердің, қорықшылардың, көлік жүргізушілерінің және басқалардың жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіруді тапсырды. Бұл бастаманың игілігін тұтастай алғанда тағы 600 мың қазақстандық көреді, – делінген Жолдауда.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көбейту туралы шешімін жария етті. Бұл шара 1 млн адамды тікелей қамтитын болса, еңбек етіп жүрген барлық азаматтарға жанама түрде әсер етеді.