Polisia.kz-тің дерегінше, кеше таңғы сағат 5-тер шамасында полицияға қала тұрғыны шағымданған. Белгісіз адамдар Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің жанындағы аялдаманы сындырғанын хабарлаған.
Шақырту бойынша келген полицейлер оқиға орнында 20 жастағы екі қала тұрғынын ұстады. Олар масаң күйде болған.Петропавл қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин: «Аталған факті бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша материал жиналды. Материал сотқа жіберіледі, – деді.
Бұған дейін ауладағы орындықты сындырғандар туралы жазған болатынбыз.