Тоқаевтың тапсырмасы: Ұлттық банк төрағасы инфляцияны 4-6% деңгейіне қайтаратынын айтты
Тоқаевтың тапсырмасы: Ұлттық банк төрағасы инфляцияны 4-6% деңгейіне қайтаратынын айтты
Фото: mail.kz
177
оқылды

Оның айтуынша, 2021-2023 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету шараларының кешені әзір. Келісудің соңғы сатысында тұр, – деп жазды inform.kz.

«Жолдауды іске асыру мақсатында Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп, 2022 жылы инфляцияны 4-6% нысаналы дәлізге қайтаруға айрықша көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысы Жолдауда монетарлық емес факторлар әсерінің ұлғаюын, әсіресе, азық-түлік бағасының өскенін атап өтті. Сондықтан экспорт пен импорт балансын ескере отырып, ішкі нарықты жан-жақты толықтыруға жұмсау керек. Инфляцияны 2022 жылы нысаналы дәлізге қайтару бойынша Жолдауда қойылған міндеттерді тиімді түрде шешу үшін 2021-2023 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету шараларының кешені әзірленіп, келісудің соңғы сатысында тұр», – деді Ерболат Досаев.

Бұған дейін Президент азық-түлік пен баспананы қолжетімді ету үшін арнайы тапсырма берген болатын.