Ақтөбеде «Даму» қоры ғимаратының астында қалған қызметкер көз жұмды
Ақтөбеде «Даму» қоры ғимаратының астында қалған қызметкер көз жұмды
© azattyq-ruhy.kz
144
оқылды
Ақтөбеде «Даму» қорының ғимараты опырылып, бір қызметкер үйінді астында қалған болатын. Ол есін жимастан мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбеде үйінді астында қалған қызметкерді аман алып қалу мүмкін болмады.
«Ауруханаға екі науқас жеткізілді. Біреуіне көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Ал екіншісінің жағдайы өте ауыр болды. Есін білмеді. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Кеуде, бас-ми жарақаты болды»,- деді облыстық жәдел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Серік Қапанов.
33 жастағы әйел есін білместен көз жұмды. Айта кетейік, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бабы бойынша іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.