Абай Құнанбаев контролер болды дегенге сенесіз бе?
Абай Құнанбаев контролер болды дегенге сенесіз бе?
©А.Ахметқазы
419
оқылды

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевпен аттас жігіт Ақмола облысында тұрады. 26 жастағы жігіттің есімі – Абай, тегі – Құнанбай.

Ол - бүгінде «Altyntau Kokshetau»  акционерлік қауымдастықта түрлі-түсті металлургия өнімдерін бақылайтын маман. Бір сөзбен айтқанда, контролер. Ақмола облысындағы «Қазцинк» алтын өндіру бөлімшесінде оның жұмыс істеп жүргеніне бірнеше жылдың жүзі болған. [caption id="attachment_159207" align="alignnone" width="881"]Абай Құнанбаев ©voxpopuli.kz[/caption] Айтуынша, осы күнде айналасындағылар оның есіміне таңданбайды, бой үйреніп кеткен. Тек жаңа таныстарына есімінің шығу тарихын тарқатып айтатынын жасырмады.

– Шынын айтсам, аты-жөнімді естіген ел ұлы ақынның ұрпағы деп ойлап қалады. Бірақ оған ешқандай қатысы жоқ. Арғы атамның аты Құнанбай, бұл жай ғана сәйкестік. Негізі, әжем ақын-жазушылардың ішінде ұлы Абайдың шығармашылығын қатты жақсы көрді. Кішкентайымыздан бізге өлеңдерін оқып, мүдірместен жатқа айтып отыратын. Әжеміз өмірден өтті… Соған қарамастан әжем оқыған ақынның жинақтары әлі үйде сақтаулы тұр, – дейді ол.

Сөйтсе, әжесі ұлы ақынның шығармашылығын сүйгендіктен немересінің есімін Абай деп қойған. Дәл сол кезде еліміздің түкпір-түкпірінде ұлы тұлғаның 150 жылдығы аталып жатқан-ды. [caption id="attachment_159206" align="alignnone" width="1024"]Абай Құнанбаев ©voxpopuli.kz[/caption] Қазір Абай үйленген, екі қыз өсіріп отыр.

Ең қызығы, қазір Құнанбай әулеті тұрып жатқан Қонысбай ауылы бұрын Абай деп аталған. Бұл сәйкестік пе, әлде ұқсастық па?