Дамир Исмагуловтың келесі қарсыласы белгілі болды
Дамир Исмагуловтың келесі қарсыласы белгілі болды
Фото: yandex.com
140
оқылды
Аралас жекпе-жекте Ресейдің атынан өнер көрсететін қазақ спортшысы Дамир Исмагуловтың UFC ұйымындағы келесі қарсыласы анықталды. Бұл туралы ресейлік инсайдер Игорь Лазорин хабарлады. Исмагуловтың келесі кездесуін 30 қазан күні Абу-Даби қаласында UFC 267 турнирінде өтеді. Оның қарсыласы ресейлік Магомед Мустафаев болады. Еске салайық, Исмагулов UFC ұйымындағы соңғы кездесуін мамыр айында өткізіп, бразилиялық Рафаэль Алвесті (19-10) жеңген еді. Ал маусым айында ол жарақат алып қалған еді.