Ұялы телефон сататын саудагерлерді 30 миллион теңге шығынға ұшыратқан әйел ұсталды
Ұялы телефон сататын саудагерлерді 30 миллион теңге шығынға ұшыратқан әйел ұсталды
Фото: polisia.kz
163
оқылды

Polisia.kz-тің дерегінше, шығын көлемі – 30 миллион теңге.

Алмалы ауданының полицейлері өзін ұялы телефон сатушы ретінде көрсеткен 22 жастағы А. есімді азаматшаны ұстады. Ол мобильді құрылғыларды алып, ізім-ғайым жоқ болған. Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов: «4 жеке кәсіпкер полицияға ресми түрде арызданды. Олар келтірілген материалдық шығынды 30 миллион теңгеге бағалады. Күдікті ұсталды. Оны ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартады. Осыған байланысты біз жәбірленушілерге 8 708 707-92-02 және 8 705 555-77-63 телефон нөміріне хабарласуын сұраймыз», – деді.