Токио Паралимпиадасы: қазақстандық спортшылар медальдар кестесінде қай орынға тұрақтады?
Токио Паралимпиадасы: қазақстандық спортшылар медальдар кестесінде қай орынға тұрақтады?
©REUTERS
Қазақстандық спортшылардың 2020 жылғы Токио Паралимпиадасында медальдар кестесі бойынша қай орын алғаны белгілі болды. Пара таэквондошы Нышан Өмірәлі ел құрамасынан соңғы сайысқа қатысқан спортшының бірі болды. Ол 75 келіде алғашқы жекпе-жегінде коста-рикалық Андрес Эстебан Молинадан 6:12 есебімен жеңіліп қалған еді. Дегенмен аталған қарсыласының финалға шығуына байланысты Нышан жұбаныш жекпе-жегінің ширек финалына шықты. Онда марокколық Рашид Алауиді 24:8 есебімен жеңіп, қола жүлдеге таласуға қол жеткізді. Осылайша, Пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алтын медаль иеленді. Дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет пен Зарина Байбатина құрама қоржынына күміс медаль салды. Ал жүзгіш Нұрдәулет Жұмағали «қола» алған болатын. Жалпы командалық есепте қазақстандық спортшылар 51-орынға табан тіреді. Бұл Қазақстан құрамасының медаль саны бойынша Паралимпиада тарихындағы рекорды саналады.