Шаңғымен тұғырдан секіруден Щучинскіде Гран-при: Ткаченко 6-орында
Шаңғымен тұғырдан секіруден Щучинскіде Гран-при: Ткаченко 6-орында
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
140
оқылды

Бүгін Щучинск қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы Гран-при сериясы басталды, – деп хабарлайды Olympic.kz

Жарыс қорытындысы бойынша, қазақстандық Сергей Ткаченко К-90 тұғырынан секіруден алтыншы орын алды. Ол 234,4 балл жинады. Бірінші орынды норвегиялық Халвог Эгнер Гранеруд (258,6), екінші орынды оның отандасы Мариус Линдвик (249,2) иеленді. Қола медаль Владимир Зогравски еншісінде (245,9).