Әлем чемпионы Головкинмен кездесуі қашан өтетінін айтты
Әлем чемпионы Головкинмен кездесуі қашан өтетінін айтты
Сурет: AFP 2021 / Cliff Hawkins
256
оқылды
Орта салмақта WBA белбеуінің уақытша чемпионы Крис Юбенк (30-2, 22 КО) осы салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 KO) қашан кездесу өткізетінін айтты. Осыған дейін британдық боксшы Головкиннің командасы жекпе-жек өткізуге ниет білдіргені туралы хабарлаған болатын. Юбенктің айтуынша, ол Головкинмен бұрыннан бері кездесуді ойластырып жүрген.
"Мен бұрыннан бері Головкинді ойлап жүрмін. Менің ойымша жанкүйерлер біздің кездесуді асыға күтіп жүр. Ол (Головкин ред. түсіндірмесі) келесі кездесуін Риото Муратаға қарсы өткізеді. Сол үшін біздің кездесуіміз биыл өтпейтін шығар. Біздің айқас сегіз не тоғыз айдан кейін өтеді деп ойлаймын. Осы кездесуді ұйымдастыру үшін барлығын істейміз. WBA белбеуінің уақытша чемпионы ретінде Головкиннің бірінші қарсыласы мен болуым керек. Сондықтан мен дайын болуым керек", – деп келтіреді Юбенктің сөзін Boxingscene.com порталы.
Айта кетейік, Юбенк пен Головкин 2016 жылы кездесуі керек еді. Бірақ ол кезде британдық боксшы жекпе-жектен бас тартты. Головкин желтоқсанның соңында орта салмақта WBA ұйымының "суперчемпионы" Риото Муратамен (16-2, 13 КО) кездесу өткізуі керек.