Владимир Зеленский Қазақстан мен Украина арасындағы матчтан кейін хэйтерлерге жауап берді
Владимир Зеленский Қазақстан мен Украина арасындағы матчтан кейін хэйтерлерге жауап берді
Фото: forumdaily.com
207
оқылды
Украина президенті Владимир Зеленский 2022 жылғы әлем чемпионатының Қазақстан мен Украина арасындағы квалификация  матчы туралы айтты.
"Қазақстанмен ойнағаннан кейін хэйт толқынын көтергендердің барлығының  есіне салғым келеді. Жанкүйер болу деген,  бұл - жеңіс кезінде де, бәрі  жақсы болмаған кезде де командамен бірге болу", — деп жазды Украина президенті Twitter-де.
Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан мен Украина құрамалары арасындағы 2022 жылғы әлем чемпионатының квалификация матчы 2:2 есебімен аяқталды, – деп жазады Sports.kz