Бурабайда төрт әйелді өлтірген күдікті сотталды – видео
Бурабайда төрт әйелді өлтірген күдікті сотталды – видео
Фото: www.dailyadvent.com
148
оқылды

Kokshetau.Asia.-ның жазуынша, оны өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Дереккөздің хабарлауынша, 70 жастағы зейнеткер мен оның 41 жастағы қызы, сондай-ақ олардың екі көршісі кісі қолынан қаза тапты. 28 жастағы ер адам Бурабай аудандық полиция бөліміне өзі хабарласып, ұйықтап жатқан төрт әйелді өлтіргенін айтқан. Оның марқұм төрт әйелдің бірін жақтырмайтыны осы қылмысқа түрткі болған. Күдікті қылмыс жасаған кезде мас болған.   https://youtu.be/uZ8rShJZuH4   Ақмола облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты ер адамды кісі өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.