Қазақстан бейбітсүйгіш елдер рейтингінде 67-орынды иеленді
Қазақстан бейбітсүйгіш елдер рейтингінде 67-орынды иеленді
©amin.kz
149
оқылды

2021 жылдың қаңтар-шілде айларында елде экстремизм мен терроризмге байланысты 139 құқық бұзушылық тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 19,8% көп екен.

Finprom.kz-тің мәліметінше, былтыр осы уақытта 116 құқық бұзушылық тіркелген.  Ал 2021 жылы алғаш рет осы типтегі қылмыс саны өсіп отыр. 2017 және 2020 жылдары керісінше олардың саны азайып келе жатқан болатын.

Еліміз бойынша ең көп қылмыс: Түркістан облысы, Жамбыл облысы және Шымкентте тіркелген. Ең аз қылмыс саны: Шығыс Қазақстан облысы мен Қостанай облысында екен. 

Тіркелген құқық бұзушылықтар негізінен әлеуметтік, ұлтшылдық, нәсілшілдік, тіл тигізу және діни кикілжіңдермен байланысты. Бұдан өзге көпшілікті терроризм жасауға үгіттеу көп кездесіп отыр.
Биыл бейбітшілікті сүйетін халық рейтингісінде Қазақстан 163 орынның ішінен 67-орынға жайғасты. Индексті есептеу кезінде елде соғыстың ғана емес, зорлық-зомбылықтың болмауы, қысым көрсетіледі деп қорықпау, қауіпсіздік, әртүрлі кикілжің және милитаризация ескеріледі.
ТМД елдері ішінде рейтингте Молдова Қазақстаннан жоғары тұр. Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан, Түрікменстан, Беларусь, Әзербайжан, Украина және Ресей сынды мемлекеттер рейтингте Қазақстаннан төмен тұр.
Бейбітшілікті сүйетін елдер тізімінде Исландия, Жаңа Зеландия және Дания көш бастады. Ал ең соңғы орында – Ауғанстан.