«Қазақфильм» киностудиясын жаңғыртуға 10 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсамақ
«Қазақфильм» киностудиясын жаңғыртуға 10 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсамақ
©azattyq-ruhy.kz
496
оқылды

«Қазақфильм» киностудиясы 675 миллион теңгеге алты цифрлы камера алмақшы. Мемлекеттік сатып алулар сайтында 9 және 26 қыркүйек аралығына конкурс жарияланған.

Лот сипаттамында:
Тапсырыс беруші – Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, атауы – цифрлы камера.

Қосымша сипаттамасы – сандық камера толық салмағымен. Бір данасының бағасы – 109 772 780 теңге; Саны – бес; Жоспарлы сома – Т548 863 900.

Сондай-ақ «Қазақфильм» секундына 1 мың кадр жасайтын экшен түсірілімдерге арналған цифрлы камера алуға 126 245 446,43 теңге  жұмсамақшы.
Бұған дейін Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясын жаңғыртуға 10 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалатыны айтылды. Ақша кино түсіру және монтаждау, ғимараттарды қайта жаңартуға бөлінеді. Ангарлар мен арнайы автокөліктер сатып алынады. Биыл 8 миллиардтан астам қаржыны игеру жоспарда бар. Жаңғырту 2023 жылға дейін жүргізіледі.