ҚазақстанБокс федерациясы ұлттық құрамаға жаңа бапкерлердің тағайындалғанын хабарлады. Енді ерлер құрамасын Қайрат Сәтжанов жаттықтырады. Бұған дейін ұлттық құраманың бас бапкері болған Ғалым Кенжебаев өз еркімен отставкаға кетті.
Қайрат Сәтжанов 31 жыл бойы бапкерлік қызмет атқарған. Ол алдымен бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасын жаттықтырған. Соңғы екі жылда Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болды.
Ал бокстан Қазақстан әйелдер құрамасына бас бапкер болып Шамил Сафиуллин келді. Алдыңғы бапкер Ерік Алғабек ұлттық құраманы 2019 жылдан бері жаттықтырған.
Шамил Сафиуллин Қазақстанда да, шетелде де жұмыс істеген. Оның бапкерлік өтілі – 25 жыл. 2018 жылдан бастап ол Қазақстан әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеді.