Қазақстандық министр электрмобильге көшті
Қазақстандық министр электрмобильге көшті
©tengrinews.kz
174
оқылды

Әділет министрі Марат Бекетаев электрмобильге көшіпті. Ведомствоның баспасөз қызметі жаңа қызметтік көліктің үнемді екенін және оған министр ғана емес, оның орынбасарлары да көшкенін айтты.

"Иә, шын мәнінде, әділет министрі, сондай-ақ вице-министрлер жақында отандық автоөнеркәсіп шығарған электрмобильдерді қызметтік автокөлік ретінде пайдаланады", - деп растады министрліктегілер.
Баспасөз қызметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметтік көлікті күтіп ұстау, шығындарды азайту және елдегі экологиялық проблемаларға, әсіресе ауа сапасына назар аудару туралы тапсырмасы осы көлікті таңдауға себеп болғанын айтты.

"Үнемдеуге қатысты электрмобильдерді пайдалану электр энергиясының шығындарымен салыстырғанда бұрын бензинге бөлінген бюджет қаражатын 3 есеге қысқартуға мүмкіндік береді. Ведомство әкімшілік шығындарды оңтайландыру бойынша үлкен жұмыс атқарғанын атап өткен жөн: республика бойынша 109 қызметтік автокөлік қысқартылды", - деді ведомство өкілі.

Электркөліктің құны, сондай-ақ Әділет министрлігінде бар көліктердің жалпы саны айтылмаған, бірақ министрдің көлігінің суреті ұсынылған.
"СарыарқаАвтоПром" ЖШС сайтының мәліметінше, электркар құны 15 миллион теңгеден сәл аз.
[caption id="attachment_159730" align="alignnone" width="740"]электромобиль ©tengrinews.kz[/caption]