Білім басқармалары басшыларының ұялы телефон нөмірі жарияланды
Білім басқармалары басшыларының ұялы телефон нөмірі жарияланды
©sputnik.kz
396
оқылды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Білім басқармаларының басшыларына азаматтардың өтініші, шағымы мен ұсынысына жедел ден қоюды тапсырды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғындар жауапты тұлғаларға тікелей хабарласуы үшін Білім басқармасы басшылары мен орынбасарларының ұялы телефон нөмірі жарияланды. Министр бұл қабылданған шаралар туралы ақпаратты уақтылы алу және кері байланыс орнатуға сеп болатынына сенім білдірді. Енді оқушылардың ата-анасы өзін мазалаған мәселе бойынша тікелей Білім басқармасы басшылығына хабарласа алады.
Айта кетері, Білім басқармалары 14 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қала әкімдіктеріне қарайды. Олар оқу процесін ұйымдастыруға байланысты мәселелермен айналысады.