Қазақстанда баспана бағасы арзандап жатыр

Қазақстанда баспана бағасы арзандап жатыр
Қазақстанда баспана бағасы арзандап жатыр

Бұл туралы Үкімет отырысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин айтты.

Бүгінде жаңа тұрғын үй бағасы 3 пайыздан 4 пайызға дейін, сондай-ақ қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы 5 пайыздан 1,1 пайызға дейін төмендеді.

«Баспана бағасын арзандату тапсырмасына сәйкес, «РАМС-Казахстан» компаниялар тобы бағаларды Алматы қаласында бірнеше тұрғын үй кешенінен шаршы метр үшін 15%-ға немесе 90 мың теңгеге дейін, BAZIS-A компаниясы Алматы қаласында шаршы метр үшін 20 мың теңгеге дейін, BI Group Нұр-Сұлтан қаласының 51 тұрғын үй кешенінде жаңа тұрғын үй бағасын орта есеппен – 8 пайызға, Алматы – 11%, Шымкент – 3%, Атырауда 4%-ға төмендетті, – деді Серік Жұманғарин.

Өзге құрылыс компаниялары да тапсырманы орындап, бағаларды орта есеппен 15-20%-ға төмендетті. Баға орта есеппен 9%-ға төмендеді.