Орта салмақта WBA тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы, ұлыбританиялық кіші-Крис Юбенк IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға ниетті екенін мәлімдеді.
"Геннадий Головкиннің әлеуетті қарсыластары жоқ. Ол бұрыштағы тышқан тәрізді. Титулды қорғау керек. Мұнда сұрақ туындайды. Жанкүйерлер оның қарсыласы ретінде кімді көргісі келеді? Кімге қарсы шықса, ол ең көп сыйақы алады? Дұрыс, бұл - мен! Мен бірінші титулды аламын, кейін онымен жекпе-жекке шығамын", – деді Юбенк TalkSport-қа берген сұхбатында.
Бұған дейін ұлыбританиялық боксшы Головкин өкілдері командасына хабарласып, жекпе-жекке қызығушылық білдіргенін айтқан болатын. Юбенк тіпті кездесу уақытын жариялады.
2 қазанда Юбенк неміс Свен Эльбирмен жұдырықтасады деп жоспарланған. Ал, Головкин желтоқсанда оралады деп күтіледі. WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы "суперчемпион" Риота Муратамен жұдырықтасады.