Әуе рейстері артады

Әуе рейстері артады

Индустрия және инфра­құрылымдық даму минис­тр­лігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы тұ­рақты әуе рейстерінің саны артады.

Бұл туралы өткен айдың соңын­­да ел аумағында коронавирус инфекциясының туындауын және таралуын болдырмау жө­ніндегі ведомствоаралық комис­сияның кезекті отырысында мә­лім болған. Сол кезде Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстерді арттыру мәселесі талқыланған. Сонымен бірге биыл 22 қыр­күйек­те QazaqAir әуекомпаниясы Ақтөбе-Қазан бағытында аптасына бір рет әуе рейсін ашуды жос­пар­лап отыр. Ресей бағытындағы рейстерді ары қарай көбейту эпидемио­логиялық жағдайға, ВАК шешіміне және РФ тиісті мемлекеттік ор­гандарының шешіміне байланысты болады. «Рейстер сани­тар­лық-эпидемиологиялық талап­тар­­дың қатаң сақталуы және авиа­­компания сайтында жария­лан­ған кестеге сәйкес жүзеге асы­рылады», – дейді министрлік өкілдері.

Ж.МҮСіЛІМ