Air Astana Минскіге әуе рейстерін неге тоқтатты?
Air Astana Минскіге әуе рейстерін неге тоқтатты?
205
оқылды

Минскіге ұшатын әуе рейстері кеше тоқтады.

«Air Astana 31 мамырда ашылуы жоспарланған Алматы – Минск бағыты бойынша әуе қатынасын тоқтатты. Рейстерді тоқтату туралы шешім 20 мамырда қабылданды, бұл коммерциялық жүктеменің төмендігіне байланысты. Жолаушыларға рейстердің тоқтатылғаны туралы хабарлама сол күні жіберілді», – деді Air Astana-ның өкілі. Ал 23 мамыр күні Ryanair әуе компаниясының Афиныдан Вильнюске ұшып бара жатқан ұшағы Минскіге шұғыл қонды.

Ұшақта журналист, Nexta телеграм-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич болғанын жазған болатынбыз.