Атырау қаласында 1 жастағы егіз бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Біреуі ауруханада қайтыс болды.
Бұл туралы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Оқыс оқиға 5 қыркүйек күні Атырау қаласында болған. «Береке» шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 3-қабатынан 2020 жылы туған 2 баланың (егіз) терезеден құлау дерегі тіркелді. Бұл кезде екі баланың анасы жұмыста болған, ал әкесі ұйықтап жатқан. Өкінішке қарай, пәтердің терезелерінде темір тор орнатылмаған», – делінген хабарламада. Ведомствоның мәліметінше, баланың біреуі ауруханада қайтыс болды. Ал екіншісі ауруханада жатыр.М.БАҚЫТЖАН