Семейде 73 жастағы зейнеткердің атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Семейде 73 жастағы зейнеткердің атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 73 жастағы қария танысының өз атына несие алғанына шағымданған.

Зейнеткердің айтуынша, әңгімеге тартқан алаяқ қарияның жеке деректеріне қол жеткізген.

«Жәбірленушіге 1 300 000 теңге залал келді. Полицейлер көп ұзамай күдіктіні анықтады. 48 жастағы жергілікті тұрғын полиция бөлімшесіне жеткізілген», – деді полицей.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.