Қазақстаннан шетелге ақша аудару үш есе көбейген
Қазақстаннан шетелге ақша аудару үш есе көбейген
©А.Ахметқазы
381
оқылды

Ranking.kz-тің жазуынша, биыл қаңтар-шілде аралығында халықаралық ақша аударымдардың жалпы есебі 544 млрд. теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 42,9%-ке көп.

   width= Атап айтқанда, Өзбекстанға – 151,3 млрд. теңге, Түркияға – 108,6 млрд. теңге, Ресейге – 108,3 млрд. теңге және Қырғызстанға 87,7 млрд. теңге аударылған. Одан бөлек, Қытайға 18,8 млрд. теңге, Грузияға 11,7 млрд. теңге көлемінде аударым жасалған.    width=   Ал шетелден Қазақстанға аударылған ақша көлемі шетелге жіберілген қаражат көлемінен әлдеқайда аз. Мәселен, Ресейден – 34 млрд. теңге, Өзбекстаннан – 25,8 млрд. теңге, Оңтүстік Кореядан 24,4 млрд. теңге аударылған. Қырғызстан – 18,8 млрд. теңге, Түркиядан – 6,6 млрд. теңге. АҚШ-тан – 18,1 млрд. теңге, Германиядан – 10,6 млрд. теңге.    width= Ақша жиі аударылатын елдердің көшбасында Өзбекстан, Түркия, Ресей, Қырғызстан тұр. Олардың арасында, Түркияға Қазақстанға аударылған қаражатқа қарағанда 16,4 есе көп қаржы аударылған. Өзбекстан – 5,9, Қырғызстанға аударылған қаражат көлемі 4,7 есе көп.    width=