Елімізде оқу жылы басталғалы бері 400-ден астам оқушыдан коронавирус анықталған және 241 сынып карантинге жабылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басшысының орынбасары Зәуре Ахметова айтты.
"356 сыныпта коронавирус жұқтырған бір адамнан, 62 сыныпта екі жағдайдан, 11 сыныпта үш жағдайдан тіркелген. 241 сынып карантинге жіберілді", - деді комитет басшысының орынбасары Зәуре Ахметова.Оқушылардан инфекция анықталғаннан кейін Қазақстан бойынша мектептерде 3 мыңнан астам ПТР-тест жасалған. Соның көмегімен ауру жұқтырған тағы үш бала анықталған.Жаңа оқу жылы басталғалы бері коронавирус жұқтырған 426 оқушы анықталған. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, олар вирусты мектепте емес, демалыс кезінде басқа науқастармен байланысып жұқтырған.