Текеліде тұрғындарды құтқару сәті видеоға түсіп қалған
Текеліде тұрғындарды құтқару сәті видеоға түсіп қалған
Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар Алматы облысы Текелі қаласында өрт шыққан үйдің тұрғындарын дер кезінде эвакуациялады, – деп жазды polisia.kz. Құтқарушылардың әрекеті видеоға түсіп қалған. Оқиға 7 қыркүйек күні сағат 16:10-да болды. Төрт қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. https://www.youtube.com/watch?v=a8MD8CYA9l8&feature=emb_title Құтқару операциясы кезінде өрт сөндірушілер алты адамды өрт ошағынан алып шықты. Оның үшеуі бала. Қауіпті аймақтан жалпы саны 11 адам шығарылды.