Футболшы тапсырған тест нәтижесі тыйым салынған заттың бар екенін көрсеткен.
Сондықтан Руслан Валиуллин Босния мен Герцеговинаға қарсы іріктеу матчына қатыспаған көрінеді.
Руслан Валиуллиннің бойынан нақты қандай зат табылғаны, допинг-тест қай матчтан кейін алынғаны әзірге белгісіз.
Бұған дейін БАӘ чемпионатында допинг қолданғаны әшкереленген Қазақстан құрамасының экс-капитаны Бауыржан Исламхан екі жылға футболдан шеттетілген болатын.