Украина қақпасына 90+5 минутта гол салған қазақстандық допингпен ұсталды
Украина қақпасына 90+5 минутта гол салған қазақстандық допингпен ұсталды
Фото: zakon.kz
172
оқылды

Футболшы тапсырған тест нәтижесі тыйым салынған заттың бар екенін көрсеткен.

Сондықтан Руслан Валиуллин Босния мен Герцеговинаға қарсы іріктеу матчына қатыспаған көрінеді. Руслан Валиуллиннің бойынан нақты қандай зат табылғаны, допинг-тест қай матчтан кейін алынғаны әзірге белгісіз.

Бұған дейін БАӘ чемпионатында допинг қолданғаны әшкереленген Қазақстан құрамасының экс-капитаны Бауыржан Исламхан екі жылға футболдан шеттетілген болатын.