Илон Маск жариялаған дүниежүзілік инженерлік жарыстың финалы осы сенбі-жексенбі Лас-Вегаста өтпек. Қазақ баласы бастаған инженерлік тобы финалға дайын. 400 астам топтан финалға 12 топ қана шықты.
"Бір жылдың еңбектері қалай аяқталады екен? Мұндай күрделі жағдайда америкалық визаны алып қалу, спонсорларды тауып алу, олардың алдында әр тиын үшін есеп тапсыру, прототипті жасап шығару және оны Америкаға апару оңай болған жоқ. Дегенмен бәрі жүзеге асырылды. Құдайға шүкір, енді тек финалдың өзі ғана қалды. Бұндай жұмысты ұйымдастыру - өзі үлкен халықаралық тәжірибе.
Енді финалда сәттілік тілеймін! Иә, финалға шыққан басқа топтар да мықты ғой, әлемдік жарыстың аты әлемдік жарыс қой. Бұрақ бұндай тәжірибенің өзі үлкен жетістік деп білем.
Сәттілік пен табыс болсын, балам! Анау алыс Америкада сені қазақ халқымыздың әруақтары қолдасын! Ақ жол, жеңіс тілеймін!" – деп жазды Мұхтар Тайжан фейсбук парақшасына.