Алматы әуежайында бортсеріктің ірі көлемде ұрлық жасағаны анықталды
Алматы әуежайында бортсеріктің ірі көлемде ұрлық жасағаны анықталды
©А.Ахметқазы
261
оқылды

Алматы әуежайында көлік полицейлері криптовалюта өндіруге арналған қымбат жабдық ұрланғанын әшкереледі.

Жедел іздестіру шаралары барысында Алматы әуежайында аса ірі көлемде ұрлық жасаған бортсерік анықталған. Ол Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаумен айналысатын әуекомпаниялардың бірінде жұмыс істеген.

"Соталды тергеу барысында, бортсерік әуе кемесінің жүк қоймасынан криптовалюта өндіруге арналған жабдықты бірнеше рет ұрлағаны анықталды", - деді көлік полициясы өкілі.

Олардың айтуынша, жалпы шығын көлемі 27 миллион теңгеден асқан. Соталды тергеу аяқталды, қылмыстық іс сотқа жіберілген.