Сіз кімсіз, Мағзұм Мырзағалиев мырза?
Сіз кімсіз, Мағзұм Мырзағалиев мырза?
Мағзұм Мырзағалиев. Фото: Рrimeminister.kz
354
оқылды

Бұрынғы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі болып тағайындалды. Қазақстандықтар оның экологиядан энергетика саласына ауысуын орынсыз санап, талқылап жатыр. Бірақ шындығында керісінше еді. Энергетика министрлігінде алты жыл жұмыс істеген Мағзұм Мырзағалиев экология, геология және табиғи ресурстар саласында қалай жұмыс істеді, қандай мәселелерді шешті? Aikyn.kz анықтап көрді.

Мағзұм Мырзағалиев энергетика саласына бөтен емес еді. Ол Энергетика министрлігінде алты жыл жұмыс істеген, алғашқы қызметі де осы салада басталды. 2013 жылы Мұнай және газ вице-министрі, 2014 - 2019 жыл аралығында энергетика вице-министрі қызметін атқарды. 2019 жылы жаңадан құрылған Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы болды. Бұрынғы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев (қазіргі Президенттің көмекшісі) оның тағайындалуын былай бағалады:

"Мағзұм Маратұлы тәжірибелі басшы. Ол алты жылдан астам Энергетика вице-министрі болып жұмыс істеді. Ол үш министрмен, төрт-бес үкіметте жұмыс істеді. Еліміздің геологиялық мәселелерін жақсы түсінеді. Мағзұм Маратұлы білікті маман, тәжірибесі көп, білімі мен энергиясы оған жүктелген сенімді ақтауға көмектеседі деп санаймын", - деді Қанат Бозымбаев Мәжілісте журналистерге.

Президенттің алғашқы тапсырмасы

2019 жылы Мағзұм Мырзағалиевқа жүктелген алғашқы тапсырмалардың бірі - Ақтөбедегі өзен арнасын кеңейту кезінде туындаған экологиялық жағдайды қалпына келтіру. Министр мәселені зерттеу үшін Ақтөбеге барды. Нәтижесінде өзен арнасын кеңейту және түбін тереңдету жұмыстарын уақытша тоқтатты. [caption id="attachment_160515" align="aligncenter" width="800"]Мағзұм Мырзағалиевтің Ақтөбедегі іс-сапары Мағзұм Мырзағалиевтің Ақтөбедегі іс-сапары. Фото: Іnform.kz[/caption] Сол жылы Экология министрлігі мен еріктілер экологиялық челлендж өткізді, оған Қазақстан Үкіметінің мүшелері де қатысты. Олар Нұр-Сұлтанға жақын аумақтарды қоқыстан тазалады. [caption id="attachment_160516" align="aligncenter" width="800"]Үкімет мүшелері Үкімет мүшелері сенбілікте. Фото: Рrimeminister.kz[/caption]

"АрселорМиттал Теміртаумен" келісім

Мағзұм Мырзағалиев "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен 2019-2023 жылдар кезеңінде өндіріс шығындысын 30%-ға қысқартуға міндеттейтін құжатқа қол қойды. Сонымен бірге "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы Теміртау маңында 500 мыңға жуық ағаш отырғызуға міндеттелді. Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, Теміртау еліміздің экологиялық қолайсыз қалаларының тізімінде көш бастап тұр және облыс шығарындыларының 80%-ын "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ластайды. [caption id="attachment_160518" align="aligncenter" width="705"]Мағзұм Мырзағалиев Фото: Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі[/caption] Экология министрінен көбіне Атом электр станциясын салу туралы сұралатын. Ол Қазақстанда АЭС салу туралы қазақстандықтардың пікірі "міндетті түрде ескерілетін болады" деп уәде берді.

АЭС туралы

"Қазақстандықтардың пікірі міндетті түрде ескерілетін болады. АЭС салынатын орынға келсек, әр аймақтың сейсмикасы, су мөлшері және тағы басқа тұрғысынан зерттеліп жатыр. Әзірше ондай аймақтар қатарында Курчатовтағы алаң (ШҚО) және Алматы облысының үлкен кентіндегі алаң", - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Оның айтуынша, АЭС салу туралы ұсыныс жоғары деңгейде болғанына қарамастан, ол коммерциялық болып қала береді.

"Мәселе бірнеше жылдан бері талқыланып келеді және әлі шешімі жоқ. Шешім жақын арада қабылданады деп айта алмаймын. Бізде әзірге электр энергиясының теңгерімі бар, профициті де жеткілікті", - деді ол 2019 жылы сәуірде.

Алайда, жақында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елге атом электр станциясы қажет деп мәлімдеді. Ал 1 қыркүйектегі Жолдауында Үкіметке "бір жылдың ішінде қауіпсіз атом энергетикасын дамытуды зерделеуді" тапсырды.

Экологиялық кодекс қабылданды

Ал Қазақстанның Экологиялық кодексі екінші оқылымда қабылданды. «Жаңа Экологиялық кодекстің қабылдануы елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған жүйелі шешімдерді береді. Өңірлерде экологиялық проблемаларды шешу кешенді шараларды және едәуір уақытты талап ететінін ескере отырып, қысқа мерзімді перспективада Жол карталарында көрсетілген іс-шараларды толыққанды орындау қажет деп санаймыз. Олардың орындалуы келесідей оң нәтижелерге әкеледі:
  • 10 қалада атмосфераның ластану индексін жоғары деңгейден орташа деңгейге төмендетуге;
  • Қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін ағымдағы 15%-дан 30%-ға дейін жеткізуге;
  • 24 жаңа полигон салу және толып кеткен 5 полигонды қалпына келтіруге және жоюға;
  • Ежелден ластанған жерлерді қалпына келтіруге және жоюға;
  • 7 жаңа кәріздік тазарту кешенін салуға және 12 кәріздік тазарту кешенін қайта жаңғыртуға;
  • Елді мекендерде 15 млн. және орман алқаптарында 2 млрд. ағаш отырғызуға мүмкіндік береді.
Мағзұм Мырзағалиев 2020 жылы Қазақстанның бірнеше қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту бағдарламасын таныстырды. Экологияны жақсарту жөніндегі ұлттық жобаны "Жасыл Қазақстан" деп атады. Министр бағдарлама ауаның ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы, соның ішінде Теміртау, Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шымкент қалаларындағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді деп уәде берді. [caption id="attachment_160531" align="aligncenter" width="609"]Мағзұм Мырзағалиев Мағзұм Мырзағалиев. Фото: Dailynews.kz[/caption]

Кәсіпкер айып тақты

2014 жылы Энергетика вице-министрі кезінде Мағзұм Мырзағалиевті ақтөбелік кәсіпкер Марат Әбиев шешім қабылдауда қорқақтық танытты деп айыптады. Кәсіпкердің бұрынғы Энергетика министрі Владимир Школьникке жолдаған хаты желіде тарап кеткен еді. Марат Әбиев өзі басқарып отырған Қазақстанның тауар өндірушілер қауымдастығы бірнеше рет Мұнай және газ министрлігіне қазақстандық өндірушілерді қолдауға ұсыныс жасап, хат жазғанын айтты.

"Вице-министр Мирзагалиев Магзум Маратович қанша жерден белсенді жұмыс істеп, бүкіл Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланушыларға барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізгеніне қарамастан, жұмысы тиімсіз, еш нәтиже алып келмеді. Біз ТЖҚ сатып алу саласындағы ҚР заңнамасын үнемі бұзатын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты айыппұл шараларын қолдануды ұсындық. Бірақ, бұл ұсынысты олар ескермеді, олай істеуге қорқатын сияқты көрінді. Мағзұм Маратұлы қорқақ әрекет жасады деп есептеймін. Қазақстандық өндірушілердің мүддесін қорғай алмайтын тұлғалар мемлекет мүддесін де қорғай алмады", - деп жазды Марат Әбиев хатта.

Кейін министрлік кәсіпкердің сөзін жоққа шығарды. "Уәкілетті орган отандық өндірушілердің мүддесін қорғау үшін батыл жұмыс істеп жатыр және ҚР заңнамасына сәйкес барлық қажетті шараларды қабылдайды", - деп мәлімдеді Энергетика министрлігінің келісімшарт агенттіктің директоры Жан Нұрбеков. Марат Әбиев Кapital.kz-ке берген сұхбатында бұл оқиға тараптардың татуласуымен аяқталғанын айтты.

"Біз бірнеше рет кездестік және мәселені кәсіби тұрғыда талқыладық. Мен Мырзағалиев мырзаның кәсібилігіне көз жеткіздім",- деді кәсіпкер.

[caption id="attachment_160532" align="alignright" width="1200"]Мағзұм Мырзағалиев Мағзұм Мырзағалиев. Фото: Іnbusiness.kz[/caption]

Өмірі жолы

Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматыда дүниеге келген. Үйленген, бес баласы бар. Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәліметінше, әкесі Марат Мырзағалиұлы Алматы облысындағы ең ірі тау-кен өндіруші кәсіпорындардың бірі -       "Жартас" ЖШС президенті. Компания 25 жылға жуық уақыттан бері құм, қиыршықтас карьерін игерумен айналысады. Министр тек қазақстандық жоғары оқу орындарында оқыған. 1999 жылы «Тұран» университетін экономист мамандығы бойынша, 2003 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша, 2010 жылы Ш.Есенов атындағы Қаспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетін «Мұнай-газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Теңіз кен орындарында және Батыс Сібірде бұрғылау ерітінділері бойынша инженер болып бастады, АҚШ пен Малайзияда тағылымдамадан өтті. 2004-2007 жылдары MI Drilling Fluids International Ақтау филиалының басшысы, 2007-2010 жылдары «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры қызметін атқарды. 2010-2012 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жобалау сервистері бойынша басқарушы директор, 2012-2013 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ инновациялық даму және сервистік жоба жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары болған.