Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкентте 36 млн теңгені жымқыру дерегін анықтаған.
Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Түркістан облысы әкімдігінің білім басқармасы әдістемелік орталығының басшысы мен екі қызметкеріне, сондай-ақ, Шымкент қаласының серіктес-тұрғынына қатысты 36 млн астам теңгені жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.Сондай-ақ тергеу барысында айыпталушылар алдын ала сөз байласу арқылы оларға қатысты жүргізіліп жатқан тергеудің оң шешімі үшін ЭТД жедел қызметкеріне 6 млн теңге сомасында пара бермек болған. "Әдістемелік орталықтың қызметкерлеріне 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазір қылмыстық іс Шымкент қаласының прокуратурасында. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада."Ақшалай қаражат орта мектеп оқушылары мен колледж студенттерін республикалық спорт іс-шараларына дайындау шеңберінде тамақтандыруға арналған еді. Жымқыру тиісті тізімдемеде спортшылардың қолын сырттай ұқсатып қою арқылы жүзеге асырылды. Яғни, бюджеттен қаражат бөлінді, ал спортшыларды тиісті деңгейде даярлау жүргізілмеген", - делінген хабарламада.