Ақтөбеде жол апатынан екі адам көз жұмды
Ақтөбеде жол апатынан екі адам көз жұмды
Фото: Zakon.kz
140
оқылды
Атырауда екі көлік соқтығысып, жол апатынан жүргізуші мен жолаушы мерт болды. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты бүгін, 9 қыркүйекте болған.
«Бүгін сағат 07:50 шамасында «Атырау – Орал» бағытындағы күре жолдың 57-шақырымында  Тoyota Prada мен  Skoda Rapid көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан оқиға орнында «Skoda Rapid» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болды»  – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған жол апатына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.