Шымкенттік жігіт Жамбыл облысында 35 қойды көлігімен қағып өлтірді
Шымкенттік жігіт Жамбыл облысында 35 қойды көлігімен қағып өлтірді
©orange-kids.ru

Жамбыл облысында шымкенттік жігіт 35 қойды қағып өлтірді, деп хабарлады Polisia.kz.

9 қыркүйекте сағат 08:00 шамасында "Батыс-Еуропа-Батыс-Қытай" тас жолының 325 шақырымында жол апаты болды. Hyundai Solaris автокөлігінің жүргізушісі Алматыдан Тараз қаласы бағытында келе жатып, жолды кесіп өтпек болған бір отар қойды абайсызда қаққан. Жүргізуші 25 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Салдарынан 35 қой өліп, 15 бас қой жараланған. Автокөлік жүргізушісі түрлі жарақатпен Меркі аудандық ауруханасына жеткізілді. Көлік айыптұраққа қойылған.