Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: news.myseldon.com
133
оқылды
Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. Қарағанды облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады. Күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 10 қыркүйекте Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 23-28 м/с. 10 қыркүйекте Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Найзағай кезінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Нұр-Сұлтан қаласында 10 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. 10 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодар облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында 25 м/с күтіледі.