Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Руслан Валиуллин толық ақталып шығуы да мүмкін немесе спорттық карьерасын аяқтауы ықтимал. Мұндай пікірді Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында Қазақстан ұлттық антидопинг орталығының жетекшісі Майра Бакашева айтты.
- Валиуллин қандай жазаға тартылуы мүмкін?
- Өкінішке қарай, мен қазір бұл спортшыдан қандай дәрумен табылғанын білмеймін. Жаза мерзімі де дәруменге байланысты шығарылады. Негізі, орташа жаза - төрт жыл. Мысалы, Бауыржан Исламханның мәселесі ерекше болды. Ол қосымша күш беретін дәрумен қолданды деп айыпталды. Бізде қолдануға рұқсат етілмеген дәрумендердің тізімі бар. Алайда ол дәрумендердің өзі бірнеше топқа бөлінеді. Егер спортшы бұл жағдайда өзінің кінәлі емес екенін дәлелдесе, өзінің бей-жай қарамайтынын дәлелдесе - санкциядан аман қалатын шығар. Одан бөлек, футболшының кінәсі кішкентай болса, жаза мерзімі де қысқартылады. Көп нәрсе допинг қызметкерлері алған мәліметтерге байланысты. Мүмкін бұл спортшыда мұндай дәруменді қолдануға дәрігерден рұқсат бар шығар. Немесе ол кінәлі емес болуы ғажап емес. Енді барлығы қорғаушыларға (адвокатқа) тікелей байланысты болады. Кері жағдайда ол өмір бойына спорттан шеттетіледі.
- Қазақстан құрамасының футболшысы осымен екінші рет допингпен ұсталды. Неге бұлай болып жатыр?
- Біз негізі бұл мәселені Исламханның шеттетілгеніне дейін айтқан едік. Футбол - допинг ең көп табылатын спорт түрі. Біздің футбол шенеуніктері футболдың таза спорт екенін айтып ақталады. Бірақ футболшылардан допинг-сынама сирек алынады. Тек жарыстарда ғана. Әрине, бұл жерде допингпен ұсталған спортшылардың саны допинг-сынаманың қаншалықты жиі алуына байланысты. Футболдағы допинг дауы - бұрыннан бері келе жатқан мәселе. Ал Исламханның жағдайы бұл мәселеге назар аударта ма деген ой болды. Дегенмен, жағдай мүлде өзгермеді. Бізде бірге жұмыс істеу туралы меморандум бар. Өкінішке қарай, біз сол құжатқа қол қайғаннан кейін ары қарай бірге жұмыс істемедік. Сөйтіп осындай жағдайға қайта тап болып отырмыз.