«Сбербанкпен» келісім: Асқар Жамбакин Қазақстан азаматтарының жеке дерегі тарап кетпейтінін айтты  – видео
«Сбербанкпен» келісім: Асқар Жамбакин Қазақстан азаматтарының жеке дерегі тарап кетпейтінін айтты  – видео
Фото: munaranews.kz
172
оқылды

Жамбакиннің айтуынша, деректерді сақтауға арналған серверлер Қазақстан аумағында болады. Тарап кетпеуі үшін заңға сәйкес тексеріледі.

Ал eGov порталының мүмкіндігі кеңейеді деп мәлімдеді.

«Азаматтарға  онлайн қызметтерді алу оңай әрі жылдам болуы үшін e-gov порталының мүмкіндіктерін жетілдіріп жатырмыз. Сол себепті, дүрбелең тудыруға негіз жоқ», – деді Асқар Жамбакин.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Вечерняя программа «Студия 7» (@studiya_7tv)

Шығыс экономикалық форумы аясында Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Мамин мен «Сбербанктың» басқарма төрағасы Герман Греф ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісімге сәйкес, ресейлік компания Қазақстандағы мемлекеттік секторды цифрландыру жобаларын жүзеге асыруға қатысады.

Бұған дейін «Сберге» неге мұқтажбыз?» деп жазған болатынбыз.