Полицияның мәліметінше, жол апаты Алматыдағы Жандосов пен Шаймерденов көшелерінің қиылысында болған. Дүкеннің жанында тұрған Mitsubishi Carisma көлігінде үш адам болған.
Жандосов көшесімен жоғары жылдамдықта келе жатқан Subaru Legacy көлігі Шаймерденов көшесінің қиылысында рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып, дүкен алдында тұрған Mitsubishi көлігін соққан. Қатты соққыдан екі көлік те ондаған метрге ұшып кеткен. Subaru көлігі көше шамының бағанасына барып соғылған. Апат салдарынан Mitsubishi көлігіндегі 1985 жылғы жүргізуші мен 1987 жылғы жолаушы сол жерде көз жұмды. Ал Subaru көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы, Mitsubishi-де болған тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.Полиция апаттың себебін анықтап жатыр. Subaru көлігінен алкогольдік ішімдік табылды.