Алматылықтар зират басынан табылған затқа алаңдаулы
Алматылықтар зират басынан табылған затқа алаңдаулы
257
оқылды
Алматылықтар зират басынан табылған сурет пен пышаққа әлеуметтік желілерде өз алаңдаушылықтарын білдірген. Бұл туралы Stan.kz жазды.  width=
Дереккөздің мәліметінше, қабірдің басынан инелермен тесілген суреттер табылған.
"Демалыс күндері ағаммен бірге Александр Кравцов көшесіндегі әкеміздің қабірін тазартуға бардық, әкеміздің бейітінің жанынан инелермен тесілген фотосуретті тауып алдық. Жанында пышақ жатты. Мұны қалай түсінуге болады? Адамдарға жамандық ойлаудың қаншалықты қажеті бар?”, – деп жазған жазба авторлары "Zhaloby.almaty" парақшасында.
Фотосуреттердің қаланың қай маңындағы зираттан табылғаны әлі белгісіз. Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын осыған ұқсас оқиға әлеуметтік желіде талқыланған болатын.