Қазақстаннан Сауд Арабиясына әуе рейсі ашылады
Қазақстаннан Сауд Арабиясына әуе рейсі ашылады
Фото: massaget.kz
127
оқылды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Қазақстанда коронавирустың пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия биыл 7 қыркүйектегі отырысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру жөнінде шешім қабылдады.

Сауд Арабиясына рейстердің одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға, ведомствоаралық комиссияның және Сауд Арабиясының тиісті мемлекеттік органдарының шешіміне байланысты болады.