Қазақстанда зейнеткерлер саны кеміп барады. Нақтылай кетсек, жыл басында еліміздегі зейнеткерлер саны 2 миллион 247 мың адам болған. Ал 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 235 мың адам болды.
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 триллионнан астам теңгеге зейнетақы төленді. 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 547 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 1 триллион 236,7 млрд теңге бөлінген. 2021 жылдың тамыз айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,8 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 153,7 млрд теңге бөлінді. Қазақстанда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері биылғы қыркүйекте 99 857 теңге межесіне жетті.Елдос СЕНБАЙ