Сүт бағасы сегіз айда 9,5% қымбаттады
Сүт бағасы сегіз айда 9,5% қымбаттады
Greeting guests with a cup of horse milk, Kazakh national tradition. Close-up of two cups of koumiss on a dish, with a background from a national sample
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, отандық компаниялар сүтке сұранысты 96,3% орындады. Осы өнімнің 3,7%-ы немесе 11,9 мың тоннасы импортқа жіберілді. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,7% көп. Ал сүт экспорты – 14,3%, яғни, 18,7 мың тоннаға дейін өсті. Бұл туралы Informburo.kz хабарлады. 2020 жылмен салыстырғанда сүт бағасы қаңтар-тамыз айларында 9,5% өсті, бұл – соңғы 3 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Республика бойынша пастерленген сүт бағасы бәрінен көп Өскемен және Қарағанды қалаларында қымбаттаған. Майлылығы 3,2%-4% болатын пастерленген сүт:
  • Өскеменде орташа есеппен – 382 теңге;
  • Қарағандыда – 357 теңге болды.
Ал майлылығы 2,5% болатын пастерленген сүт:
  • Қарағанды – 275 теңге;
  • Нұр-Сұлтан – 275 теңге;
  • Өскемен мен Семейде – 274 теңге болды.
Орташа есеппен Қазақстан бойынша, майлылығы 2,5% сүттің литрі – 254 теңге, ал майлылығы 3,2%-4% болатын сүттің литрі – 302 теңгеден сатылды. Биыл шикі сүтті тұтыну мөлшері айтарлықтай төмендеген:
  • 2021 жылдың І тоқсанында адам басына шаққанда – 3,7 литр;
  • 2020 жылдың І тоқсанында – 4 литр;
  • 2019 жылдың І тоқсанында – 4,6 литрден келді.
Қалаға қарағанда, ауылдық жерлердің тұрғындары сүтті көбірек тұтынады. Алайда, ауылдық жерлерде де сүтті тұтыну көлемі екінші жыл қатарынан азайып келеді. 2021 жылдың І тоқсанында жан басына шаққанда – 6,3 литр, ал қалада – 1,8 литрден келді. Есесіне, жыл сайын өңделген сұйық сүт көлемі мен кілегей өндірісі артып келеді: осы жылдың қаңтар-шілде айларында өндіріс көлемі 359,6 мың тоннаны құрады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 8,1% көп.