Бүгін Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен 1993 жылы туған өрт сөндіруші қайтыс болды, — деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Ол бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының ауруханасына жеткізіліп, сол жерде ем алып жатқан болатын.
Осылайша Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны он жеті адамға жетті. Олардың 10-ы — азаматтық қорғау органдарының қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 6 әскери қызметкері және бір әскери прокурор. Жоғалған тағы бір адам іздестірілуде.