Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы Лисаков қаласындағы атыс салдарынан зардап шеккен екі адамның жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 33 жастағы әйелдің жағдайы өте ауыр. Ал полиция қызметкерінің иығына ота жасалады.
"1988 жылғы әйелдің іш қуысы мен кеудесіне оқ тиген. Ота жасалды, қазір жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр. Полиция қызметкері де ауруханада, алда операция жасалады, иығына оқ атылған", - деп хабарлады Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.