Өскеменде онға жуық саяжайға ұрлыққа түскен 2 ер адам ұсталды
Өскеменде онға жуық саяжайға ұрлыққа түскен 2 ер адам ұсталды
Сурет: Irina_kukuts
98
оқылды

Өскемен қаласында 10-ға жуық саяжайға ұрлыққа түскен 2 ер адам құрықталды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 31 және 34 жастағы азаматтар бау-бақша қоғамдастықтарындағы саяжайларды тонаумен айналысқан. Қазіргі уақытта олардың 10-ға жуық саяжайда ұрлық жасағандығы анықталды. Алдын-ала сөз байласқан Өскемен тұрғындары есік пен терезені бұзу арқылы ішке кіріп отырған. Мысалы, «Родничок» қоғамдастығынан металл, ал Самоцвет» қоғамдастығындағы саяжайдан ванна ұрланған.
«Сол жағалау полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктілерді қолға түсірді. Қазіргі уақытта оларға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2,3-тармақтарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адамдардың басқа да ұрлық фактілеріне қатыстарының бар-жоқтығы тексеріліп жатыр», - дейді қалалық ПБ бастығы Андрей Мула.