Вакцинаның 2 компонентін алғандар саны 6 миллионға жуықтады
Вакцинаның 2 компонентін алғандар саны 6 миллионға жуықтады
©А.Ахметқазы
185
оқылды

Бүгінгі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 7 087 994 адам салдырды, II компонентті 5 906 080 адам алды.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында тұр. Қалада 908 974 тұрғын вакцинаның 1-компонентін, 803 036 адам 2-компонентін салдырған. Екінші Түркістан облысында 801 344 адам 1-компонентті, 631 222 адам 2-компонентті салдырған. Үшінші орында Алматы облысы – 712 202 адам екпені бірінші рет алса, 592 889 адам 2-компонентін салдырған.